"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Партизанка ауылының жалпы орта білім  беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Партизанка отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области" 

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілінен тапсырмалар

26.11.2020

Карточка № 5

Берілген сөздерді орыс тіліне аударып,  дара зат есімдерді бір бөлек, күрделі зат есімдерді бір бөлек топтап жазыңдар және олардың қайсысы жалпы есім, қайсысы жалқы есім екенін ажыратыңдар.

Ақпан, бойтұмар, Жасұлан, қала, Анар, ел, Отан, ата-ана, жайлау, тау, өзен, алтыбақан, көл, бала, әке, туған-туысқан, жұмыс, парта, қалам, кітап, дәптер, ауыл, Айша, Амангелді, Серік, Асқар, жолбарыс, Бекболат.

 

 

Карточка № 11

Зат есімдерді оқып, жалқы есімді бір бағанға, жалпы есімді бір бағанға көшіріп жазыңдар. Сұрақ қойыңдар.

Үлгі: Жалқы есім:Жалпы есім:

  •  

Асан, Құрманғазы, Ажар, Баян,мұхит,Каспий теңізі, Омбы, Қызылорда, үл, дәрі, өзен, көше, түлкі, қайың, су, қарағай, жылқы, от,дала, мұғалім, Ахмет Байтұрсынов, сынып, кітап, дүкен, оқушы, Ыбырай Алтынсарин, Ертіс өзені, домбыра, орман, журнал, тау.

 

 

 

 

Карточка № 9

 

Көп нүктенің орнына ілік септігінің жалғауын қойып жазыңдар.

 

Мұғалім ... кабинеті. Асқар... үйі. Самат... сағаты. Үсен... кітабы. Серей... дәптері. Лиза... қаламы. Оқушы... картасы.Арыстан... баласы.Сынып... іші. Майра... көйлегі. Кітап... беті. Өзен... жағасы.Сиыр... сүті. Көше... аты.Түйе... ботасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Карточка № 12

 

Сын есімдерге сұрақ қойып, орыс тіліне аударыңдар.

 

 

Үлгі:Таза ауа. Қандай ауа?

Таза ауа. Кең көше. Кәрі адам. Таулы жер. Сусыз жер. Бақытты бала. Тастай қатты. Сүттей ақ. Үйдей биік.

 

 

 

Карточка № 15

Сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құраңдар.

 

Үлгі: Ақ нан (белый хлеб). Дүкеннен ақ нан сатып алдым.

Ақ нан. Көк пияз. Ыстық сүт. Сары май. Дәмді тамақ. Жылы су. Ащы айран.Тәтті нан. Көк шай. Әдемі қыз. Сымбатты жігіт.Қызыл алма. Қызықты кітап. Ақылды бала.

 

 

Просмотров: 1166


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст