"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Партизанка ауылының жалпы орта білім  беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Партизанка отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области" 

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Хабарландырулар және конкурстар

«Мобильді көзқарас: түсірілген сәт» жас мобилографтардың

Республикалық қашықтық байқауын өткізу

ережелері

1. Жалпы ережелер

1. «Мобильді көзқарас: түсірілген сәт» Республикалық қашықтық

байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізу қағидалары өткізудің мақсатын,міндеттері мен тәртібін айқындайды.

2. Байқаудың мақсаты: конкурсқа қатысушылардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетуі үшін жағдай жасау, мобилографияны насихаттау және дамыту.

Байқаудың міндеттері:

1) ойлауды, қиялды, шығармашылық белсенділікті дамытуға

жәрдемдесу;

2) шығармашыл дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау;

3) балалар мен жасөспірімдерде компьютерлік графика бағдарламаларымен, мобилография құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын игерту және бекіту;

4) балаларды мобилографияның жаңа бағытына тарту.

3. Байқауды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы қашықтықтан өткізеді.

4. Байқау ұйымдастырушылары қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің құрамын қалыптастырады.

2. Байқауды өткізу мерзімі мен тәртібі

5. Байқау 2023 жылдың 19 маусымы мен 18 тамызы аралығында өтеді.

Өтінімдер 2023 жылғы 18 тамызға дейін қабылданады. Ұйымдастыру комитетіне 2023 жылғы 18 тамыздан кеш түскен, сондайақ, қойылған талаптарға сәйкес келмейтін байқау жұмыстары қаралмайды. Байқау қорытындысы, жеңімпаздардың дипломдары, олардың

жетекшілеріне алғыс хаттар, қатысушылардың сертификаттары www.ziyatker.org  сайтында 2023 жылғы 31 тамызда орналастырылады.

6. Ұйымдастырушы Байқауды өткізу мерзімін ұзартуға құқылы.Ұйымдастырушы қорытындыларды өткізу және орналастыру мерзімдерінің өзгеруі туралы Байқаудың әлеуетті қатысушыларын сайтта хабардар етеді.

7. Байқауға ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды. Байқау ұйымдастырушылары байқау материалдарын авторды көрсете отырып әлеуметтік желілерде жариялауға құқылы.

3. Байқау талаптары

8. Байқауға жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының 7-17 (18жасқа дейін) жастағы білім алушылары жас санаттары бойынша қатысады:

1) 7-10;

2) 11-13;

3) 14-17.

9.Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1. «Шағын триптен 360 градус сурет». Байқауға білім алушылардың панорамалық суреттер жасау үшін кез келген бағдарламада орындалған шығармашылық жұмыстары ұсынылады. Туристік немесе мәдени маңызы бар орындардың орналасқан жері көрсетілген (тарихи құндылығы; ерекше табиғи сұлулығы; белсенді спорт түрінің маңыздылығы; көрнекті орны: мұражай, көрме, ескерткіш және т.б.) панорамалық фотосуреттер қабылданады.

Панорама талаптары:

сурет панорамалық проекцияда жасалуы керек;

көлденең көру бұрышы: 360 градус;

тік көру бұрышы: кем дегенде 120 градус;

2:1-ден 3:1-ге дейінгі арақатынас (максималды ажыратымдылық —

20000x10000); кескін файлы jpeg форматында болуы керек;

кескін файлының максималды өлшемі: 100 МБ;

кескін айқын, контрастты болуы керек;

2. «Бұл жазда мен...» Байқауға «Мен жазды қалай өткіздім...» , «Лагерь

өміріндегі бір күн» – жазды қалай өткізгендігі , лагерьде бір күннің қалай

өтетіні туралы reels-бейнелері қабылданады. Бейне қызықты тренд тректері,

дыбыстары бар REELS форматында болуы керек,. Reels бейнесін Instagram-ға жүктеп, аты-жөнін, мектебін, reels бейне атауын көрсету керек.

Reels бейне талаптары:

- reels - бейне ұзақтығы – максимум 3 минут;

- кадрдың арақатынасы: 16:9;

- ажыратымдылық: HD, Full HD;

- формат: MP4;

10.Тек қазақ немесе орыс тілдеріндегі жеке жұмыстар қабылданады.

Байқауға тек жеке жұмыстар қабылданады. Конкурсқа қатысу үшін mobilnyivzglyad2023@mail.ru  электрондықпоштасына жіберу керек құжаттар:

1) қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

2) JPEG форматындағы байқау жұмысы (Шағын триптен 360 градус сурет);

3) Instagram-дағы reels бейне сілтемесі.

11. Басқа біреудің материалдары мен Интернет желісінен алынған материалдарды пайдалануға тыйым салынады. Байқау жұмыстары бұрын ешбір сайтта жарияланбаған болуы тиіс.

12. Байқауға басқа байқауларға қатыспаған жұмыстар қабылданады.

4. Конкурс қорытындысын шығару

13. Байқау қорытындысын қазылар алқасы жеңімпаздарды жас санаттары бойынша анықтайды.

14. Байқау жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен, жеңімпаздардың жетекшілері – алғыс хаттармен марапатталады, қатысушыларға сертификаттар беріледі.

15. Дипломдардың, сертификаттардың, алғыс хаттардың электрондық нұсқалары www.ziyatker.org  сайтында орналастырылады.

Анықтама телефоны: 8(7172) 64 75 91, 64 75 96.

 

Жаңартылған күні: 05.08.2016 14:24
Құрылған күні: 11.12.2023 09:02

Текст