"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Партизанка ауылының жалпы орта білім  беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Партизанка отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области" 

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзім туралы,менің отбасым тақырыптары бойынша қазақ тілінен мәтіндер,

25.11.2020

Өзім туралы

        Менің атым – Сәуле. Мен он бірінші сәуірде тудым. Қазір он бір жастамын. Макинск қаласында тұрамын. Биыл бесінші сыныпта оқып жүрмін. Сыныпта жиырма бес оқушы бар. Мен Майрамен бір партада отырамын. Менің ермегім – сурет салу. Менің достарым көп. Бос уақытымда  сурет саламын, достарыммен кездесемін.

1.Әңгіме кім жайында ?

2. Ол неше жаста?

3.Сәуле қай қалада тұрады?

 

Менің сүйікті ісім

            Менің атым-Нұрсәт.Жасым онда.Мен Астана қаласындағы № 9 орта мектептің оқушысымын. Бос уақытымда кітап оқығанды жақсы көремін. Әсіресе шағын әңгімелерді,ертегілерді қызыға оқимын. Балаларға арналғангазеттерді де, журналдарды да оқимын.

Баланың аты кім?

Ол қайда тұрады?

Ол нені қызыға оқиды?

 

Менің досым

         Менің досым бар.Оның аты - Нұрлан.Ол төртінші сыныпта оқиды.Біз бір сыныпта оқимыз.Нұрлан-адал дос. Ол өте жақсы оқиды.Біз сабақты бірге оқимыз. Нұрлан-үлгілі оқушы.Бос уақытта ертегі оқимыз,сурет саламыз,спортзалға барамыз, компьютерде ойнаймыз,теледидарқараймыз, үй жинаймыз.Біз екеуіміз – татумыз.

Нұрлан нешіші сыныпта оқиды?

Нұрлан қандай оқушы?

Ол қалай оқиды?

 

Отбасы

Менің атым – Ақерке. Әр демалысты біз отбасымызбен бірге өткіземіз. Демалыста біз жағажайға, киноға, мұз айдынына, табиғатқа барамыз. Әкем мен шешем кезекті демалысқа жаз айларында шығады. Былтыр жазда отбасымызбен Бурабайға бардық. Биылғы жазғы демалысты Баянауылда өткіздік.

Сосын Астана, Алматы, Өскемен қалаларына туыстарға қонаққа бардық. Отбасымен демалған қандай жақсы!

1. Демалысты Ақерке кіммен бірге өткізеді?

2. Демалыста ол қайда барды?

3. Әкесі мен шешесі кезекті демалысқа қашан шығады?

 

Менің анам

Менің анам қонақжай. Біздің үйге қонақ көп келеді. Үйге келген қонақтарды жақсы қарсы алады. Ет асып, шай береді. Көйлек кигізеді. Сөмкесіне май, қаймақ салып береді. Адамдарға көмектесіп жүреді. Бәріне жақсылық жасағысы келеді. Анамның жақсылығын ешкім ұмытпайды. Анам маған: «Адамдарға  қолыңнан келгенінше жақсылық жасау керек. Біреуге жасаған жақсылық – өзіңе жасаған жақсылық. Жамандық та, жақсылық та өз ісіңнен басталады», - дейді.

Үйге кім келеді екен?

Адамдарға не істейді анасы?

Анасы балаға не дейді?

Біздің отбасымыз

          Біздің отбасымыз өте тату. Отбасымызда жақсы дәстүрлер көп. Олар: үлкенге құрмет көрсету, кішіге көмек көрсету, туған күн, мерекелермен  құттықтау.

Кеше менің туған күнім болды. Әкем мен анам маған ұялы телефон сыйлады. Туған күнге достарым келді.

Біз мерекелерді отбасымен қарсы аламыз. Мысалы, Наурыз мейрамында әжем наурыз көже пісіреді. Біз дастарқан жаюға көмектесеміз. Келген қонақты қарсы аламыз, мерекені көңілді өткіземіз.

Отбасыда қандай дәстүрлер бар?

Мерекені қалай қарсы алады?

Наурыз мейрамында әже не пісіреді?

 

Менің отбасым

         Менің атым- Айдар. Бұл- біздің отбасымыз.Біздің отбасымызда төрт адам тұрады. Олар: әкем, шешем, қарындасым және мен. Менің әкемнің аты- Қайрат. Ол 40 жаста. Менің әкем күшті және ақылды. Менің анамның аты- Раушан.Ол 35 жаста. Менің анам әдемі және мейірімді. Менің қарындасымның аты-Маржан. Ол үш жаста. Менің қарындасым ақылды және сүйкімді. Мен отбасымды жақсы көремін.

1.Сенің атың кім?

2.Сенің отбасыңда неше адам тұрады?

3. Сенің отбасың қандай?

Мен және менің достарым

        Менің достарым көп. Солардың ішінде ең жақын досым – Назерке. Оның жасы он бірде. Назерке Астана қаласында тұрады.Назерке – өте ақылды, дарынды, сабырлы, тәрбиелі, сыпайы қыз. Ол – озат оқушы. Назерке екеуіміз Баянауылда таныстық. Ол да отбасымен демалды. Назеркенің отбасында бес адам. Оның сіңлісі мен інісі бар. Олар да бізбен көлде шомылды. Біз бірге тауға шықтық, суретке түстік. Бұл демалыс көңілді өтті. Назерке маған хат жазып тұрады.

Назерке қайда тұрады?

Назерке қандай қыз?

Оның отбасы қандай?

Отбасы мүшелерінің мамандықтары

         Менің атым – Асан. Отбасы мүшелерімнің мамандығы әр түрлі. Әкем – құрылысшы. Ол үй салады. Анам – дәрігер, ол №1 қалалық ауруханада жұмыс істейді. Ол адамдарды емдейді. Ағам – студент, болашақта  заңгер болады. Атам зауытта жұмыс істейді, ал әжем – зейнеткер. Мен бесінші сыныпта оқимын. Болашақта тілші болғым келеді. Ол үшін мен қазақ, ағылшын тілдерін  үйреніп  жүрмін. Барлық мамандық адамдарға керек.

Отбасы мүшелерінің мамандықтары қандай?

Баланың анасы қайда жұмыс істейді?

Мамандық  кімге керек?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 590


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст