"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Партизанка ауылының жалпы орта білім  беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Партизанка отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области" 

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1-сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар

19.10.2020

Бөлім:

Менің мектебім

Педагогтің аты-жөні

Тулеубаев  Б.Ж

Күні:

14.10

 

Сынып: 1

Қатысушылар саны:9

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мен жеті жастамын

 

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.1.1.1 Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану)

1.2.1.1 Сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау  үшін  сөздер мен сөз тіркестерін қолдану

1.2.3.1 Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру

1.5.1.2 Мұғалімнің көмегімен жіктік жалғауларын ауызша тілде қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: оқушылар сандарды атайды. Мұғалімнің көмегімен өзінің неше жаста екенін айта алады, жіктік жалғауының I жағын қолдана алады.Оқушылардың басым бөлігі: берілген сандар бойынша неше жаста екенін айтады. Сөйлеу барысында танысу үлгілерін еркін қолдана алады, жіктік жалғауының қолданысын ажырата алады.

Кейбір оқушылар:Сен неше жастасың? сұрағына жауап беріп, өз жасын айтады. Берілген сөйлеу үлгілерін түрлендіріп қолдана алады. өзі туралы толық ақпарат бере алады.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

 

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру

Оқушылар сөздерді қайталайды

Ауызша бағалау

таныстырылым

Сабақтың ортасы

 

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суретке және сөйлесу үлгісіне аударады. Тыңдау арқылы оқушылар Сен неше жастасың? деген сұрақ және жауап беру үлгісімен (Мен алты жастамын.) танысады. Оқушылармен диалогті тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін оқушылар осы диалог негізінде өзінің жасы нешеде екенін айтуға жаттығады.

(МК, Ұ) 2-тапсырмада оқушылар толықтырып айтуға жаттығады. Берілген үлгі бойынша жастарын айтады. Мысалы: Мен алты (жеті, сегіз, тоғыз, он) жастамын. Яғни, біріншіден, оқушылар сандарды атайды, екіншіден, берілген сандар бойынша неше жаста екенін айтады, үшіншіден, Сен неше жастасың? сұрағына толық жауап беріп, өз жасын айтады.

(МК, Ұ) Осыдан кейін мұғалім оқушылардың назарын «Есте сақта!» айдарына аударады. Яғни үш жақта жасын қалай айту керек екенін үйретеді.

Мысалы: Мен жеті жастамын. Сен жеті жастасың. Ол жеті жаста.

(МК, Ұ) 3-тапсырмада мұғалім оқушыларды жаңа сұрақ үлгісімен таныстырады: Ол неше жаста? Осы сұраққа

сурет арқылы жауап беруге дағдыландырады. Оқушылардың жауаптары: Ол төрт жаста. Ол бес жаста. Ол екі жаста. Мұғалім оқушылардың назарын ол сөзіне аударады, оқушылар бұл сөздің қызға да, ұлға да байланысты қолданылатынын меңгереді. (Ж) 4-тапсырма арқылы оқушылар жаңа тақырып бойын¬ша сөйлесу үлгісін бір диалог ішінде қайталайды. Оқушылар мынадай дағдыларды игеруі тиіс: мұғалімнің (Сенің атың кім? Сен неше жастасың?) сұрақтарына жауап бере алу, өзі сұрақ қоя алу. Содан кейін оқушылар жұппен жұмыс істейді.

Берілген үлгі бойынша екі бала сөйлеседі. Олар бір-бірімен амандасады. Содан кейін бір-бірінен атын, жасын сұрайды. Үлгі:

- Сәлем!

- Сәлем!

- Сенің атың кім?

- Менің атым -... . Сенің атың кім?

- Менің атым -... .

- Сен неше жастасың?

-Мен ... жастамын. Сен неше жастасың?

- Мен жеті жастамын.

(МК, Ү) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.

түсіндіреді

Ауызша бағалау

кітап

Сергіту сәті

Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)

Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)

Көктен төмен  әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды)

Сергіту сәтін орындайды

Жарайсыңдар!

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Аяқталуы

 

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады

Қайталайды

(Белсенді балаларға смайлдар беру)

Кітап

Сабақтың соңы

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.

Сұрақ қою

 

Өз ойларын білідіреді

 

Просмотров: 235


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст