"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Партизанка ауылының жалпы орта білім  беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Партизанка отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области" 

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

IQanat олимпиадасы

24.09.2020

ҚҰРМЕТТІ
ОҚУШЫЛАР!
IQanat қоры қамқоршыларының атынан жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Осы жылы орын алған бүкіл әлемдегі жағдай барлығымыздан, әр ісіті ерекше ықыласпен жасауды талап етеді. Біздің қашықтық жұмыста жинаған тәжирібеміз жаңа шарттарда тиімді білім алуға көмектеседі деп сенеміз.
Кеше ғана біздің түлектеріміз өздеріңіздей ауыл мектептерінде білім алған, қазіргі таңда, олар қазақстандық және шетелдік, яғни, Оңтұстік Корея, Малайзия, Литва, Латвия Университеттері гранттарының иегерлері атанып жатыр. IQanatтықтар өздерінің жетістіктерімен ауыл балаларының алдындағы шексіз мүмкіндіктердің барын көрсетіп, оқу озаттары болуларыңа ынталандырады.
Осы жылы жеңімпаздарды анықтау мәселесі біз үшін қиындық тудырды. Бұл сынақты да ойдағыдай атқарып, алғашқы рет іріктеу турын онлайн түрде өткіздік. Үшінші тур қалыпты жағдайда 23-26 қыркүйекте Балдәурен лагерінде өткізіледі.
10-11сыныптағы IQanatтықтар үшін керемет жаңалық - жуықта әлемдегі ең үздік оқу әдістемелеріне негізделген бірегей IQanat High School мектебі өз жұмысын бастады. Біздің мектеп, эмоциялар мен ақылдың, шынығу мен шығармашылықтың, дәстүрлі тәрбие мен прогрессивті технологиялар тоғысатын жерге айналмақ. IQanat High School мектебінің оқушылары өздеріңмен аудандарыңда тоқсан сайын кездесіп, оқу үрдісі жайлы, өз тәжірибелері, кеңестері мен лайфхактарын айтатын болады.
Көптеген сұранымдарға байланысты, барлық 9 сынып оқушылары өз күштерін сынап көрулеріне мүмкіндік беру үшін, осы жылғы олимпиада тапсырмаларының форматын өзгерттік. Сонымен қатар, платформаны дамытып, болашақта 8, 7 сынып оқушыларының да IQanat олимпиадасына дайындалып, байланыста болуларын қарастырудамыз.
Біздің қамқоршыларға алғысымды білдіре отырып, елеулі жетістік иегерлері болатындарыңа олардың сенімдері зор екенін ерекше атағым келеді. Өздерің де осы аға-апайларыңдай келешекте ауылдың өскелең ұл қыздарын қолдайды деп үміттенеміз. Біздің қамқоршылар - еліміздің 60 бизнесмені, өз өңірлерінің оқушыларын қолдап әрқашан тиімді серіктестікке дайын, яғни кәсіби тәжірибеден өткізіп, атақты ChocoFamily, Lancaster Group, BI Group, Orda Invest, Grata International, Freedom Finance, NurBank сынды компанияларына жұмысқа орналасуға жол ашады.
Құрметті оқушылар, жолдарың ашық болсын! Жарқын эмоциялар мен өздеріңе деген сенімдіктерің арта берсін! Ел болашағы өз қолдарыңда!
IQanat қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы
Айдын Рахимбаев

Просмотров: 241


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст