Текст
2024 жылдың 7 қаңтарында Көкшетау қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанатты рәсімі өтті. Олимпиадада «Партизанка ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ атынан Еркебұлан Төлегенов қатысып, 3-дәрежелі дипломға ие болды. Еркебұланды, сонымен қатар география пәнінің мұғалімі Инна Владимировна Шакубаеваны табысты нәтижемен құттықтаймыз!