Текст
Біздің мектепте дәстүрлі қысқы фестиваль «Шаңғы жолы шақыруда» басталды және 2024 жылдың 31 қаңтарына дейін жалғасады. Шара салауатты өмір салтын насихаттау және шаңғы спортын дамытуға бағытталған. Фестиваль аясында шаңғы серуендері мен ойындар – шаңғы эстафетасы өткізіледі. Фестиваль соңында шаңғы жарыстары өтеді. Жеңімпаздар сертификаттармен марапатталады.