Текст
1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні. Мектеп кітапханасында «СПИД төрт қорқынышты әріп» көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде жас оқырмандарға ЖИТС-тың адам өміріне нақты қауіп төндіретіні, АҚТҚ-ны жұқтыру жолдары және жұқтыру мүмкіндіктері, синдромдар мен қауіп топтары туралы түсініктерді қалыптастыруға арналған әдебиеттер ұсынылған. . Кітапханашы оқырмандар назарына нашақорлық мәселелеріне арналған кітаптарды, арнайы ақпараттық буклеттер, АИТВ-инфекциясын емдеу және алдын алу туралы ақпараты бар плакат пен парақшаларды ұсынды.