"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Партизанка ауылының жалпы орта білім  беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Партизанка отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области" 

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Киімдер» қазақ тілінен 1-сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар

14.11.2019

Бөлім: Өзім туралы

Мектеп: Партизанка ОМ КММ

Мұғалім: Тулеубаев Б.Ж

 Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны: 11

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Киімдер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.1 Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану)

1.1.3.1 Тыңдаған мәтінге мұғалімнің көмегімен суреттер, сызбалар орналастырып, түрлі тәсілдермен жауап беру

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Киімдерді атай алады және олардың түсін айта алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Киімдерді түсімен ажырата алады, сұрақ қоюды біледі, сұраққа жауап беруде өзін еркін сезінеді.

Кейбір оқушылар:

Басқа да киім атауларын атай алады, оларды өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Көйлек, шалбар, жейде,бәтеңке,етік

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Ертеңгілік шеңбері

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

 

Шаттық шебері

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

 

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

(МК, Ұ) Оқулықтағы 1-тапсырма бойынша оқушылар киім атауларымен танысады. Сурет бойынша киім атауларын (көйлек, шалбар, жейде, күрте, етік, бәтеңке) тыңдайды, хормен және жеке-жеке қайталайды.

Мұғалім алдын ала киімдерге байланысты карточкалар дайындай алады. Оқушыларға бір-бір карточкадан таратады. Әр оқушы өзінің қолындағы киім түрін атайды.

(МК, Ұ) 2-тапсырмада оқушылар түстерді қайталайды. Суреті бойынша көйлектердің түсін атайды. «Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім оқушыларға қызғылт, қызғылт сары, көгілдір, күлгін түстерін үйретеді.

(МК, Ұ) 3-тапсырмада оқушылар өздеріне қандай түсті киім ұнайтындарын айта алуды үйренеді. Орындаған кезде оқушылар шығармашылық түрде жұмыс істейді. Мұғалім оқушыларға ақ қағаз таратады. Оқушылар оған өз қалауы бойынша бір киімнің суретін салады, оны өзі таңдаған түске бояйды. Содан кейін тапсырмада берілген үлгі бойынша айтады.

(Ж) 4-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді. Берілген үлгі бойынша екі бала сөйлеседі. Ол үшін мұғалім үстелдің үстіне киімнің суреті бар карточкаларды қояды (суретін төмен қаратып қою керек). Бірінші оқушы бір карточканы таңдайды, екінші оқушыдан оның не екенін және қандай екенін (түсін) сұрайды.

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі.

Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.        №1 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 1.6.

 

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)

Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)

Көктен төмен  әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды)

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Сабақтың аяғы

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.

Оқулық, дәптерлер.

Сабақтың соңы

2 минут

 

Рефлексия

Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі  бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты.

 

Бас бармақтар

Просмотров: 1076


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст