"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Партизанка ауылының жалпы орта білім  беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Партизанка отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области" 

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Внеклассное мероприятие «Білгіштер бекеті»

10.09.2019

Ақмола облысы

Бұланды ауданы

«Партизанка ОМ» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныптан тыс іс-шара

 

«Білгіштер бекеті»

 

 

Сынып: 4 «Б»

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалімі: Тулеубаев Б.Ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2019-2020 оқу жылы

«Білгіштер бекеті»

 

Мақсаты: Оқушылардың өз ұлтына еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір – қасиетін дарыту, туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған аға-ұрпақ өкілдерінің еңбектерінен оқып үйрену. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру оқушыларды тез ойланып жауаптарын тиянақты жүйелі айта алуға топ алдында еркін сөйлеуге баулу.

Көрнекілігі: Ақын – жазушылардың тіл туралы айтқан қанатты сөздері, мақал-мәтелдер, суреттер, слайд

. Мұғалім : Сәлеметсіздер ме, қадірлі ұстаздармен оқушылар. «Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір», «Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа бола да тілегі бір, атасы басқа болса да Отаны бір» қаншама ұлттармен ұлыстардың басын біріктіріп отырған Қазақстан атты еліміз, көп ұлт өкілдері тұратын ел болуымыз - біздің байлығымыз, мақтанышымыз

Ұйымдастыру кезеңі.

Тренинг: «Жақсы!»

Оқушыларды 2 топқа бөлу

 

Жүргізуші  : Осы мерекеге арналған орта буын сыныптарына «Білгіштер бекеті»- атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Сайыс 5 кезеңнен тұрады:

 

Таныстыру.

«Шатасқан сөздер»

«Жұмбақстар әлемінде.»

«Кім тапқыр?»

«Не артық?»

«Сұрақ-жауап»

«Сөзжұмбақ әлемінде»

 

Таныстыру

 

Жүргізуші: Сайысымыздың шарты бойынша әр топ атымен және ұранымен таныстырып өтсін.

 

Ұраны: «Жұлдыз» тобы:

Тілге құрмет – елге қызмет

 

«Күншуақ» тобы: Ана тілін қадірле, өз тіліңді құрметте

Кім тапқыр

 

1 - жүргізуші: Бұл сайыста екі топ өздеріңізге тақтада ұсынылған құпия сөздердің дұрыс жауабын жедел табуларыңыз керек. «Шатасқан сөздер»

 Сабақ, қала, оңтүстік,желтоқсан                           жылқы, дәптер,кәмпит, солтүстік

 

2. «Жұмбақстар әлемінде»-кезеңі

 

1. Сағат сайын қағылады,

 

Тек мектептен табылады. (қоңырау, звонок  bel)

 

2. Бұлаңдаған құйрығы,

 

Бір алдарлық қулығы. (түлкі, лиса)

 

3. Көп әңгімем, өлеңім,

Күнде ақыл беремін.

Жақсы көрсе мені кім,

Соған тиер көмегім. (кітап, книга, book)

 

4. Тақиям толған сөк,

 

Таңертең тұрсам жоқ. (жұлдыз, звезда star)

 

5. Құстай ұшады,

 

Құландай жортады

 

Қойдан да қорқады. (қоян, заяц, rabbit)

 

6. Білімнің дәнін тереді

 

Балаға тәлім береді (ұстаз, учитель, )

 

7. Бір үйге көзсіз боп басың сұғасың

 

Бұл үйден көреген болып шығасың (мектеп, школа, school)

 

8. Тақылдатып таңдайды

 

Уақыттан бір қалмайды. (сағат, часы,clock )

 

Жүргізуші:

Асықпаймыз, саспаймыз

 

Ұшқыр ойға бастаймыз.

 

Тақтадағы сөзден

 

Бірнеше сөз құраймыз.

 

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ»

 

Жүргізуші: Ал енді балалар келесі кезеңге көшеміз:

 

Ақ, қара, үй, қызыл, сары

Сынып, парта, орындық, қоян

Наурыз,тамыз, бейсенбі, қыркүйек

Алма, орамжапырақ, шие, шабдалы

Солтүстік,оңтүстік,үй, батыс

Жылқы,сиыр, қасқыр,түйе

 

Жүргізуші: -22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.

Келесі кезеңімізге өтейік: «Сиқырлы қоржын»

1. Сенің атың кім?

2. Сен неше жастасың? Сен нешедесің?

3. Сен қайда тұрасың?

4. Сенің Отаның қалай аталады?

5.Қазақстан Республикасының президенті кім?

6. Сенің ананның аты кім?

7.Сенің әженнің аты кім?

8. Сен нешінші сыныпта  оқисың?

9. Сен кіммен оқисың?

10. Сенің мұғалімінің аты-жөні кім?

11. Мектеп неше қабатты?

12.Мектепте не бар?

13. Сенің сүйікті пәнің?

14. Қазақ тілі пәнінің мұғалімінің аты-жөні кім?

15.Қазір қай жыл мезгілі?

16. Қазір қай ай?

17.Келесі оқу құралдары қалай аударылады: дневник, пенал, ручка, карандаш, линейка,краски, точилка, книга.

19. Қандай жануарларды білесің?

20.Отбасың кішкентай ма әлде үлкен бе?

21. Отбасыңда неше адам бар? Олар кімдер?

22. Келесі сөздерді аудар:

Солнце, волк, доска, холодно, хороший, зеленый, лежит, младшая сестренка, красный,комната, школа, окно, грязный

23. Келесі сөз тіркестерін аудар:

Большое мороженое;     широкая улица;                           вкусная конфета;          белый медведь;              добрая бабушка;           желтое яблоко

Холодный бассейн;    маленький магазин;                   чистый класс

 

 Жүргізушісі: Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында : "Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі" делінген. Тек қазақ жұрты ғана емес, барша қазақстандықтар осы үшін тілді өзара ұштастырып, өз орнымен қолдана білулері қажет. Соның ішінде, ең алдымен ел егемендігінің көрінісі, құндылығының бірі болып саналатын мемлекеттік тіл – қазақ тілі.

 «Сөзжұмбақ әлемінде»-кезеңі

Сонымен балалар, әділ-қазылар өз ойларын түйіндесін. Шыққан ұпай сандарын санасын.

Қорытындылар шығарады. Жеңімпаз топты марапттаймыз, жеңілген топқа кішігірім сыйлықтар беріледі

 

Просмотров: 814


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст