"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Партизанка ауылының жалпы орта білім  беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Партизанка отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области" 

Әлеуметтік желілер

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жас ұлан» және «Жас қыран» жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау рәсімі өтті

30.01.2019

Тәуелсіздік күні қарсаңында Партизанка орта мектебінде «Жас ұлан» және «Жас қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігі қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өтті.

«Қазақстан! Нұрсұлтан! Жас ұлан!» деп ұрандаған, жүрегінде жалыны бар белсенді оқушылар «Жас ұландар» мен «Жас қырандар» құрамына мүшелікке қабылданды. «Жас Ұлан» ұйымының мақсаты - өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.

«Жас Ұлан» ұйымының міндеттері Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру, танымдық жұмыстарды ынталандыру, балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау, жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту болып табылады.

Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелейтін және туған тілі мен дінін дәріптеуге, отандастарымыздың даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке баулитын, сонымен қатар туған елінің жанашыр азаматы болып өсуіне зор ықпалы бар осынау ұйым балалар үшін маңызы айтарлықтай үлкен деп айтуға болады.

Сайдың тасындай іріктеліп алынған оқушылардың жанарынан білімге деген құштарлық пен болашаққа деген сенім көрінеді. Болашақта «Мәңгілік ел» тізгінін ұстайтын азаматтар, бүгінгі «Жас ұлан» және «Жас қыран» қатарына кірген оқушыларымыз екені анық.

Салтанатты жиын басталмас бұрын Қазақстан Республикасының туы кіргізілді. Салтанатты түрде Туды кіргізген 11-сынып оқушылары Д.Петров, О.Ротарь, А.Ротарь. Содан кейін Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды.

«Жас қыран», «Жас ұлан» ұйымына қабылданушыларға төсбелгісі және галстуктерді табыстау рәсімін  мектеп директорының міндетін атқарушы  Шакубаева Инна Владимировнаға және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гофман Светлана Викторвна табыстады. Жалпы «Жас қырандар» құрамына 1 «Б», 1 «А» сыныптарынан  17 оқушы, ал «Жас ұлан» ұйымына 5 «Б», 5 «А» сыныптарынан 15 оқушы қабылданды. Іс-шара барысында оқушылар патриоттық өлеңдерін оқыды. Бұл іс шараны 11-сынып оқушысы М.Көжеков, 8-сынып оқушысы Д.Моисеева жүргізді.

Дәстүр бойынша құттықтау сөз мектеп директорының міндетін атқарушы  Шакубаева Инна Владимировнаға берілді. Инна Владимировна құттықтау сөзінде: «Жастарымыз бүгінгідей бейбіт күнде өмір сүріп, Тәуелсіз еліміздің білімді азаматтары болып, ұрпақтарымыз қырандай күшті, ұлтжанды, әрқашанда биік шыңдардан көрінсін. Тәуелсіз еліміздің гүлденіп көркеюіне зор үлестерін қоса берсін. Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін»,-деген тілегін айтты.

 

Айгерім Карбаева,

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.

 

Просмотров: 755


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст