"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Партизанка ауылының жалпы орта білім  беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Партизанка отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области" 

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жүрегі таза, ойы азат»- атты Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған сыныптан тыс іс-шара сценарийі

12.12.2018

 

                «Жүрегі таза, ойы азат»-

атты  Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына                                                  

арналған сыныптан тыс  іс-шара сценарийі

         Қайырлы  күн  құрметті

ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Жүрегі таза, ойы азат»-

атты  Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына

арналған іс шараға қош келдіңіздер! 


Абай – ақылдың ақыны, ал Мағжан – ақынның ақыны

Мағжан ақын ретінде Абайдан күштірек.

Біз Мағжаннан үйренуіміз керек-деп ақын Сәбит Мұқанов жазған еді.

Мұғалім

сөзі:

Оқушылар, сіздер білесіздер биылғы жылы қазақтың

ұлы перзенті М.Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толады. Сондықтан да бүгінгі тәрбие

сағатымыз Мағжанға арналады. Слайд арқылы ақын өмірімен танысамыз.

Ақынның өмірі

Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы,

қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл деген жерде, әйгілі шаңырақта дүниеге

келген. Азан шақырып қойған аты- ӘбілМағжан. Өз әкесі -Бекен, бабалары- Жұмабай

қажы, Шонай, Өтеген, Өтеміс – бәрі де исі Атығай ішінде даңқы шыққан белгілі

кісілер болған. Мағжан өзімен бірге туған Мүсілім, Қаһарман, Мұқаметжан,

Сәлімжан, Қалижан, Сабыржан, Күләндам, Гүлбарам деген бауырларымен құлын-тайдай

тебісіп, анасы Гүлсімнің бауырында ауыл баласының қызықты, романтикаға толы

тәтті, қимас шағын бірге өткізген.

Мағжан Қызылжар қаласындағы медреседе 4 жыл

оқып, мұсылманша білім алады. Араб, парсы, түрік тілдерін үйренеді.

Кейіннен Омбы қаласындағы мұғалімдер

семинариясына оқуға түседі. Омбыда Пушкиннің, Лермонтовтың, Гетенің, Гейненің,

Байронның және басқа да көптеген орыс, батыс ақындарының шығармаларын

тәржімелеп, қазақ оқырмандарына таныстырады. Семинарияны алтын медальмен

бітіреді. Үздік оқитын қазақ балаларына арналған Потанин қорынан ұдайы

степендия алып тұрды. 

Мағжан Жұмабаев 1919 жылы Қызылжардағы Бостандық

туы газетінде редактор қызметін атқарды, 1920 жылы Мәскеудегі Шығыс әдебиеті

институтына оқуға түсіп оқиды, әрі қызмет істейді. 1922 жылы Ташкентте

қазақ-қырғыз институтында сабақ береді. Мәскеуде Мағжан М.Горькийдің Сұңқар

жыры кітабын қазақ тілінде тәржімелеп бастырып шығарады. Аталмыш оқу орнында

ақынның алдынан жыр Құлагері атанған Ілияс Жансүгіров, филология ғылымының

докторы, профессор Бейсембай Кенжебаевтар дәріс алады.

Кейіннен елге қайта оралып, Қызылжар қаласындағы

педагогикалық техникумында және партия мектебінде сабақ береді. Бірақ 1929 жылы

жазықсыз жала жабылып, Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалады. Содан 10 жылға

сотталып, Карелияда айдауда болады. М.Горькийдің және оның әйелі Е.Пешкованың

араласуымен 1936 жылы айдаудан босап шыққанымен, қайта ушыққан репрессия

тырнағына ілініп, жазықсыздан -жазықсыз 1938 жылы 19 наурызда атылып кетеді.

Өзі ғана емес, ағалары Мүсілім, Қаһарман, інісі Мұқаметжан да репрессия отына

шалынады. Әкесі Бекен 1934 жылы, анасы Гүлсім 1943 жылы дүние салған.

Мағжан революция жылдары Зейнеп деген қызға

үйленеді. 1919 жылы Зейнеп бала үстінде қайтыс болады. Баласы Граждан тоғыз

айлығында өкпесіне салқын тиіп қайтыс болады. Ол жылдар Мағжан үшін өте ауыр

жылдар болды. Шығармашылығы да кідіріп қалады. Кейін Мағжан Гүлсім Камалова

деген татар қызына ғашық болып , шығармашылығында жаңа леп пайда болып махаббат

тақырыбында өлеңдер жаза бастайды. Бірақ, тағдыр оның мандайына Гүлсімге

қосылуды жазбаған екен. Ол Зылиқа дене қызға үйленеді. Оларда бала болмайды.

Сайдалы деген баланы бауырларына басады. Бірақ ол бала бес жасында қайтыс

болады. Зылиха Мағжан ақын 1989 жылы толық ақталғаннан кейін қайтыс

болады. 


Ақын

өлеңдері

Мағжанның дарындылығын тану үшін оның кез

келген тақырыпта жазылған өлеңдерін алуға болады. Ақын өлеңдерінде мұңды

толғаныс, өзекті өрттер өкініш, қара қайғы, сары уайыммен бірге өршіл

романтизм, жалындаған махаббат, асқақ арман, үзілмейтін үміт астасып келеді.

Ақын өлеңдерінің тақырыбы – туған ел, жер тағдыры, сонымен бірге табиғат, махаббат,

достық тақырыптары.

Алғашқы өлеңдер жинағы Шолпан деген атпен Қазан

қаласында 1912 жылы жарық көрді.Табиғат тақырыбына жазған Көкшетау Жазғы түнде,

Қысқы жол, Қайық, Орман тәріздес өлеңдерінде адам мен табиғат қатар алынып,

көркем бейне сезімі табиғатпен тұтасып кетеді. Әлеуметтік тақырыптарға арналған

Пайғамбар, Күншығыс, Жер жүзін топан басса екен, Бостандық, Орал, Орал тау

өлеңдерінде сол замандағы қоғамдық өзгеріс, әлеуметтік, рухани көрністерді

береді. Ақын өзі

туған Шығыстың болашағына сенеді, үміт артады.

Мағжан өлеңдерінің әдемі сурет, ыстық сезімге

толы бір легі – махаббат туралы. Гүлсімге, Жұлдызды жүзік, Айды алқа ғып

берейін, З-ға, Жәмилә, Сен сұлу, Махаббат не? тағы басқа өлеңдерінде сүйініш,

күйініш, махаббат, ыстық жүрек, ішкі, сыртқы сұлулықпен бірлікте жырланады.

Нені жырласа да шарықтаған тым қатты тегеурін, екпін басым. Мағжанға дейін

махаббат, сүйіспеншілік тақырыбын Абай да жырлады. Мағжан махаббаты – ессіз,

үмітсіз сүю. Сүйсе жан-жүрегімен құлай сүйеді.

Келші,көзім, күн бетіңді көрей Жет, жұлдызым,

жылжып қана жібектей

Сүйші, сәулем, тұншығып мен өлейін. Жұлдызды –

жүзік, Айды – алқағып берейін. , Өз дәуірінің қайшылығын баяндап қана қоймай,

Мағжан оған көркемдік тұрғыда саяси баға беретіндей. Ақынның Пайғамбар,

Күншығыс, Бостандық, Орал сияқты өлеңдерінен сол кезең көтерген

саяси-әлеуметтік, қоғамдық жайлар көтеріледі. Ақын өз өлеңдерінде Шығысты пір тұтады, қасиетті мекен санайды.

Пайғамбар өлеңінде:

Күнбатысты қараңғылықты қаптаған,

Күні батып, жаңа таңы атпаған.

Түнеріп жүр түннен туған перілер,

Тәңірісін табанына таптаған... 

Сахналық көрініс: 

Күңірене шыққан Құрманғазының Қайран шешем күйі.

Сахнада абақты 

бейнеленеді. Темір тор. Май шам. Күңгірт. Темір

тордың ар жағынан күніренген үн 

естіледі: Мағжанның 

Сағындым өлеңін темір тордың ар жағынан Бірлік Данияр

 оқиды.

/Мағжан рөлінде/ 1оқушы 

оқиды.

Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,

Сарғайдым ғой, сар даламды сағандым.

Қарашығым, құлыным! - деп зарлаған

Алыстағы сорлы анамды сағындым.


Жатқан үйім – қабырғасы қара тас,

Жарық сәуле, жылы күнге жаны қас.

Ауыр иіс, ылғал қара көлеңке,

Ерте-кеште, күндіз-түні арылмас.

. Өлең жолдары оқылған сайын дауыс жігерлене,

өршелене түседі. Күй үні де күшейе 

түседі. Ана бейнесінде бір оқушы шығады. Баласын

тосып шаршаған,қажыған ана 

қоңыр үнмен: 

Құлыным, ботам...! Мағжаным!

Қу тағдыр, басыңа қайғы түсірді – ау...

Зар заман... Аясаңшы, ботамды,

Мағжаным, жаным, қайдасың?

Қарашығым, құлыным...

Ана бүгіліп, дауыс қылып, зарлап жылайды. Ана

бейнесі өте бере, қайтадан Мағжан 

өзінің Сағындым

өлеңін жалғастырып оқиды.

Абақтыда айды, күнді жаңылдым,

Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым.

Қарашығым, құлыным деп зарлаған,

Алыстағы сорлы анамды сағындым...?

Өлең біте бере май шам өшіріледі. – Музыка үні

бәсеңдейді. Сахнаға 2- оқушы шығып, 

Мағжанның Мен кім? деген

өленің мәнерлеп оқиды:

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын маған қарсы кім тұрар?

Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген,

Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?...


Жыланмын мен, келме жақын, жанарсың,

Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың.

Күл болсын көк, жемірілсін жер, уайым жоқ,

Көз қырымын күліп қана қарармын...


Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,

Надан адам өлім жоғын білмейді.

Өзім-патша, өзім-қазы, өзім-би

Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?

Мұғалім сөзі:

Иә, Мағжан өзі айтқандай, арыстандай алысып,

жолбарыстай қарысып, әділдік, бостандық үшін күресіп өтті. Ақын мұрасы ұшан-

теңіз.Әрине, Мағжанды бір ғана сағат оқып білуге болмайды.Оны жылдар, ғасырлар

бойы оқып үйренуіміз қажет. Біз бүгін Мағжанның қысқа да болса өнегелі өміріне

шолу жасадық. Мағжанның өмірі бәрімізге өнеге. Ол батылдыққа, адамгершілікке,

ұлылыққа шақырды. Қазақтың дарабоз ақыны Мағжан өмірден өтсе де, оның өмірі,

өлеңі мәңгілік жас ұрпақ жадында жатталып қала бермек.

Мұғалім сөзі:

2013 жылы Мағжан атты көркем фильм түсірілді.

Фильмде Алаш арысы Мағжан Жұмабаевтың түрмеде жатып өткен күндерін еске алып,

терең ойға батқан кезі суреттеледі. Оның ішкі жан толғауы арқылы Алашорда

партиясының құрылуы, мемлекеттік істерге араласуы және патшалық ресейдің ішкі

саяси ахуалы баяндалған. Мағжан өмірінің бір парасын көрсете отырып, образын

ауы арқылы сол кездегі қазақ даласының жай -күйі мен ұлт зиялылыарының пікір

алуандығы баяндалып өтеді. Рас, аздап кемшіліктері бар, айтар ойдың жеткізілмей

қалған тұстары да жетерлік. Бірақ киноны көру барысында бабаларымыз ХХ ғасырда

көрген қасіретін жан жүрегіңізбен сезіне аласыз. Кейіпкермен бірге қуанып,

бірге қайғырасыз ,- дейді фильм түсірушілер. Драма жанрына жататын фильмнің

басты рөлдерін Дарын Қалиев, Дулыға Ақмолда, Дарын Болатханұлдары сомдаған. 


Алматы қаласындағы М.Әуезов атындағы театрда

Дулат Исабековтың Жүз жылдық махаббат атты қойылымы қойылды. 


Ақынның туған ауылында мұражай үйі бар. Онда

ақынның, отбасы мүшелеріне тиесілі құнды заттар қойылған. 

Сұрақтар:

1. Мағжан қандай ақын? Қандай өлеңдерін,

поэмасын білдіңдер?

2. Ақыннның өлеңдері не туралы? Қандай лирикаға

жазылған?

3. Ақын өмірі қандай болған? Оның қандай

мұраларын білесіңдер?

Қорытынды.

Аз ғана уақытта ақынның бүкіл поэзиясын қамту

мүмкін емес, бірақ та ақын өлеңдерін ден қоя оқи отыра жұлдызы жарқырап елі

үшін туған жан екенін бүкіл жан -дүниеңмен сезесің, Ақын Сағындым деген

өлеңінде 


Не көрсем де Алаш үшін көргенім,

Маған атақ- ұлтым үшін өлгенім.

Мен өлсем де, Алаш өлмес, көркейер, 

Істей берсін қолдарынан келгенін дейді.


Мен жастарға сенемін өлеңі арқылы ақын өзінің

жете алмаған арманына келешекте жастар жететініне көзі жетіп, болашақ ұрпаққа

үміт артты. Ақын арманы жүзеге асты. Мағжан армандаған Тәуелсіздікке қолымыз

жетті. Әрдайым Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын демекпін. 

Просмотров: 2733


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст