"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Партизанка ауылының жалпы орта білім  беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Партизанка отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области" 

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілінен деңгейлік тапсырмалар

17.11.2020

Лексика тарауына арналған жаттығулар   

   1-жаттығу Синонимдік қатарды жалғастырыңыз.

1. Сұлу, ажарлы,.................................................................................................... қыз.

2. Батыр, ержүрек,...............................................................................................жігіт.

3. Сабырлы, салмақты,............................................................................................дос.

2-жаттығу Мақал - мәтелдерді аударыңыз. Антонимдерді теріп жазыңыз.

Көп сөз – күміс, аз сөз - алтын. Ала сөйлеп, ұлыққа жаққанша, адал сөйлеп,

жұртқа жақ. Шын - бір сөз, өтірік – мың сөз. Жаман сөз – жанға кірген тікен,

жақсы сөз – таптырмайтын ем. Ашу түбі – кейіс, ақыл түбі – кеніш. Ақылы

аздың – ашуы көп.

  3-жаттығу Синоним сөздерді тап
«Залдың ортасында өңкей ажарлы қыздар, әрлі әйелдер отыр» 

4-жаттығу  Омоним сөздерін тап
   «Біздің қарамызды көрген соң, олар қолын бұлғап шақырды» 

 5-жаттығу  Антоним сөздерді тап
 «Мұны әлділер әділет деп қуанса, әлсіздер қиянат деп қынжылады» . 

6-жаттығу  Мақал – мәлелдерден сөздің тура және ауыспалы мағыналарын ажыратыңыз. «Байлықтың атасы-еңбек, анасы – жер», « Өнерлінің өрісі кең», «Аузы күйген үріп ішер». «Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады» 

7-жаттығу Асты сызылған сөздердің омонимін табыңыз. « Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас» (Абай). Арық атқа қамшы ауыр тиеді. 

8-жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті антоним сөздерін тауып қойыңыз.Түймедей затқа өкпелесең, ..........көретініңіз қалмаған, мырза.Қорлық .......... ерлік өлім артық.Ақымақ бұзуға бар, ....жоқ. 

 9-жаттығу  Синоним сөздерді тап:
1. Қой аузынан шөп алмайды - момын 
2. Жүрек жалғау- 
3. Төбе шашы тік тұру- 
4. Қас пен көздің арасында- 
5. Бетінен оты шықты- 
6. Қырғи қабақ болу- 
7. Бармағын тістеу- 
8. Аузына құм құйылу- 
9. Ит өлген жер- 
10. Тайға таңба басқандай- 
11. Ат ізін салмау- 
12. Пейілі тар-

10-жаттығу  Антонимдерді теріп жазыңыз.

Қап-қара түнді көрдім де,

Жап-жарық таңға кездестім.

Қарасыз, сірә мен мүлде,

 Аппақтың нарқын сезбеспін. (М. Мақатаев)

 ***

Жібек мінез, жігері мол қарындас,

Жүрегінде у менен бал аралас.

 ***

Бұл жалған ойын емес, бейнет жері,

Қылғанға адал еңбек зейнет жері. (М. Жұмабаев)

11-жаттығу Өлеңнен синоним сөздерді тауып, тағы қандай синонимдер бар екенін анықтаңдар.

Жас қайыңда жапырақ

Күзде тоңса қалтырап,

Десең қуат, әл алсын,

Жылуын бер жаныңның,

Өйткені, сен адамсың.

12-жаттығу  Өлеңдегі көнерген сөзді тауып, анықтау.

Күміс шашып ойнайды күн кірпігі,

Ақшоқының қызу еңбек күн-түні.

Бұлақтардың жорға жүріс бүлкілі,

Абай айтқан масатыдай қыр түгі.

Абайдың қырда көне тұр қыстауы,

Ішінен байқалады тұрмыс-халі.

Көтеріп Хан тағын көк сағымменен

Алыста еңкейеді Шыңғыс тауы.

13-жаттығу  Өлеңдегі эвфемизмді табу.

Енесіне түскен ажал құрығы,

Жетім лақтың жетті аяныш шырылы.

Жай оғынан жан анасы мерт болған

Кісінейді қулық бие құлыны.

14-жаттығу

Өлеңнен дисфемизмді табу.

Теңізде ойнап көрмесең,

Теңізді сырттан жырлама.

Өлеңге от боп енбесең,

Өзгенің отын ұрлама!

15-жаттығу Термин сөзді тауып қай салада қолданылатынын анықтаңыз.

 Әбділданы сыйладым жалыны үшін,

Көрдім одан жанар тау жарылысын.

Көрдім жанын жалаңаш жанып тұрған

Поэзия бақыты, жарығы үшін.

Өкен жандар бейіттері

Теңіз жүзіп бойлайды.

Ескі роман кейіпкері

Су бетінде ойнайды.

16-жаттығу Өлеңнен антонимдерді табу

Тыңдадың дала күйін жаның ұйып,

Алдың сен көкірегіңе бәрін құйып.

Болдың сен өз халқыңдай қарапайым,

Тұлғасы әрі аласа, әрі биік.

Сенсің жалғыз күндіз-түні тілегенім,

Мың тіріліп, сен десе мың өлемін.

Айқайласам жетпейді даусым менің,

Ойлай-ойлай ормандай түнремін.

   

Просмотров: 1037


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст