"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Партизанка ауылының жалпы орта білім  беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Партизанка отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области" 

Әлеуметтік желілер

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қазақ тілі сабақтарыңда ойын технологиясын іске асыру жолдары"-шеберлік сыныбы

14.11.2019

Тақырыбы: "Қазақ тілі сабақтарыңда ойын технологиясын іске асыру жолдары"

 

Шеберлік-сыныбының мақсаты – қазақ тілі сабағында оқушының таным белсенділігін арттыруға арналған ойын технологияларын мысал ретінде көрсету.

Міндеттері:

  1. Білім берудегі танымдық мәселелерді талқылау.
  2. Қазақ тілі сабақтарында ойын технологияларының жұмыс істеу принциптерін көрсету.

 

Тәжірибемен бөлісу түрі:

- әріптестерді баяндама және тұсаукесер арқылы таныстыру;

- нәтижелі жұмыстың әдістерін жариялай отырып әріптестерді ойынға қатыстыру;

 

Жастарға жалпы орта білім беруді жүзеге асыруда негізгі және орта мектептермен қатар, бастауыш мектептердің, оның ішінде шағын комплектілі мектептердің атқаратын ролі орасан зор.

Жалпы шағын жинақты бастауыш мектеп жаңадан  пайда болған құбылыс емес. Оның негізі бастауыш білім беру жөнінде белгілі педагогтар К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой жасаған оқыту методикасында жатыр. Қазақстан топырағына бұл құбылыстың келуі қазақтың тұңғыш педагогі Ы.Алтынсариннің  есімімен байланысты. Содан бері қанша уақыт өтсе де шағын жинақты мектептер өмір сүруде.

Шағын жинақты мектептер – қазақтың шағын ауылының іргесі, ұйытқысы, оның әлеуметтік экономикалық дамуының өзегі.

Республикамыздың экономикалық және географиялық ерекшеліктеріне байланысты орталықтан шалғай, алыс жерлерде орналасқан қазірдің өзінде Қазақстанда 75-80% шағын комплектілі мектептер бар.

2007 жылы республикадағы барлық шағын жинақты мектептердің ішінде 1014 – бастауыш, 979 – негізгі және 2413 – орта мектептер жұмыс жасайды. 2004 жылмен салыстырғанда, ШЖМ 58%-ға өсіп, оның саны жалпы білім беретін мектептердің 55,4% құрады. Мұндай мектептер негізінен ауылдық жерлерде орналасатыны белгілі. Мұндай мектептердегі оқушылар саны 423,6 мың, оның ішінде бастауыш сыныптарда 12,3 мың, 46,8 мың – негізгі және 364,4 мың оқушы орта мектептерде оқиды. ШЖМ жүйесінің өзгеру динамикасы шағын жинақты бастауыш және негізгі мектептердің қысқарып, орта мектептердің көбейіп келе жатқанын байқатады.

Мектеп құрылымы бұлай өзгеше аталғанымен, мұндағы білім мен тәрбие сапасына қойылатын талап барлық білім беру мекемелеріне қойылатын талаппен бірдей болып қала береді. Сондықтан да шағын жинақты мектеп жұмысын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлу керек.

 

Ауылдың жерде өсетін балалар өмірге көбірек бейімделеді. Балалар әр жастағы ұжымдарда тәрбиеленіп, жылы жүзділігімен, ашықтығымен, үйірсектігімен ерекшеленеді.

Бірақ кейбір балалар ашушаң, төбелесқор, ұстамсыз, үқыпсыз, жауапкершілігі жоқ болып келеді. Шағын комплектілі мектептегі оқушыға тәрбие беретін үш бағыт:

  • сабақтағы тәрбие жұмысы;
  • сабақтан және сыныптан тыс тәрбие жұмыстары;
  • елді мекеннің қоғамдық ортасының тәрбиесі.

Тәрбиелік іс-шаралар мектеп көлемінде жылына 4-5 рет өтеді. Оларды ұжым бірігіп әзірлейді. Мұғалім балалармен бірге жоспар жасап, міндеттерді бөледі.

Мереке кезінде оның белгісі мен ұранына байқау ұйымдастырылады, сыйлықтар әзірленеді. Мұғалім тек көмектесіп, шараны балалар ұйымдастырып, өткізеді.

Тәрбие жұмысының жоспарын ұжымның өзі немесе аймақтың тәрбие орталықтары ұсынған бағдарлама бойынша жасайды. Жоспар бір аптаға, айға, жарты жылға жасалады. Ең бастысы әдемі жасалған жоспар емес, нақты істер. Сонымен, шағын комплектілі мектептегі тәрбие жұмысының өз ерекшеліктері бар, атап айтсақ, ата-аналармен тығыз байланыс, ер оқушының тәрбиесіне ықпал ету, халықтың дәстүрге сүйену, табиғатқа жақындық, ақыл-ой, дене, еңбек, моральдық, сезімдік тәрбие жүзеге асырылады. Жоспарда мұғалім, т.б. тәрбиешілердің оқушылармен бірлесіп істейтін жұмыстары әр жас кезеңдеріне сай көрсетіледі. Тәрбие жұмысы ізгілік принципіне негізделген және баланың жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға бағытталған.

Ұрпақ тәрбиесі – ел алдындағы маңызы зор міндет. Еліміздің экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлкен үлес қосатын, әлемдік цивилизацияға көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару – мектептің, ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндетін шағын жинақталған мектептер де бірге атқаруы керек.

Қазақ тілі қазіргі уақытта өзге ұлт өкілдеріне балабақшадан бастап оқытылып келеді. Мемлекеттік тілді оқыту, болашақ ұрпақтың бойына қазақ тілін құрметтеу сезімін қалыптастыру мұғалімдердің үлкен еңбегін қажет етеді. Ұстаздар бұл бағытта аз тер төгіп жатқан жоқ. Кішкентай кезінен қазақ тіліне сусындап өскен балалар қайтсе де бұл тілдің қадір-қасиетін біліп өседі деп ойлаймын. Оларға тек жаттанды түрде оқытпай, қазақ халқының тәлім-тәрбиесін де үйрете алуымыз қажет.   Сабақтың қызықты өтуі үшін мұғалімдер әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Соның ұтымды бір түрі — ойын арқылы тіл дамыту болып табылады

Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақ тілі сабағында ойын формаларын еңгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті — ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.

Ойынның мақсаты — бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау.

Міндеті — баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.

Дидактикалық ойындар — балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар.

Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді.

Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді.

Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.

Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.

Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш, дайындық сыныптарында оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Мысалы, дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшелігіне сай болып күрделенгені дұрыс. Олай болса, ойынды пайдаланудың маңызы зор. Мұндай ойынның көптеген түрлері бар. Сондықтан ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтың тақырыптарына мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс. Бала ойын іс-әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Мысалы, дайындық сыныптарда сан санауға заттарды санап және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету мақсатында түрлі ойындарды ойнатуға болады. Ойын да халық педагогикасының құрамдас бір бөлігі болып келеді. Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ойындарымен таныса отырып, көзіміз әбден жетеді. Халық ойындарын сабақтарда пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен берік ұштастыруға қолайлы.

Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Бала үшін ойын – өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады.

Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Демек, мұғалім сабағын баланың қабілет-қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланыста жоспарлау   керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды.

Оқушылардың ойын кезіндегі белсенділігі көбінесе жарыс нәтижесін дұрыс есепке алуға байланысты. Оқушылар ойындағы өз жетістіктері мен кемшіліктерін біліп отыруы тиіс. Ойын нәтижелерін есепке алу түрліше: әрбір дұрыс орындалған грамматикалық ойын үшін ұпай есептеу, әрбір ұтылыс үшін кем ұпай беріледі, оқушылар тақтаға жазылған тиісті команда бағанындағы сөз немесе сөз тіркестерін жазып отыру; ол сөздерді есепке ала отыру; қол көтеріп немесе тиісті орфограммалар жазылған карточкаларды көтеру арқылы білімдерін анықтау; жаттығуға жіберілген уақытты есепке алу.

Педагогикалық ғылым тарихына көз салсақ, балалар ойынына қатысты мәселелерге соқпай кеткен ағартушы, педагог болмаған екен. Тұлғалы, кезіндегі прогрессивті ұлы педагогтар Я.А.Коменский, Ж.Ж. Руссо, И.Г.Песталоцций халықтық ойынға назар аударып, қолданып, халықтық ойындардың теориялық негізін жасауға талпынған. Ойынның балалардың денін сауықтыратынын, ақыл-ойын белсенді ететін және барлық ағзаларын икемді қозғалуға баулитын мәнін Я.А.Коменский дәріптеген. Ж.Ж.Руссо пікірінше білім алу ойынның ойынның балалар өмірінде кезектесіп, алмасып отыруы бір-бірімен сабақтаса байланысуы бала дамуындағы қажетті шарт болады.

Қазіргі Қазақстан мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке-дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және оларды қолдануға бағытталған.

Инновациялық оқу оқудың түсіндірмелі-иллюстрациялық түрінен әрекетшілдікке ауысу арқылы жүзеге аса отырып, оқушының оқу әрекетінің белсенді субъектісі болуына мүмкіндік береді. Оның өзі сабақты әртүрлі технологиялар бойынша жобалауды қажет етеді.

Ойындық технология мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және оның шешуін іздестіруге құрылады. Ойынның ұйымдастырылу түрлері: іскерлік ойындар, рөлдік және оқиғалық ойындар, саяхаттық және білімдік ойындар.

Қазақ тілі сабағында әр түрлі ойын элементтерін пайдаланамын. Мысалы: «Жұбын тап» ойыны.

Ойынды  тақырыпты бекіту сабағында немесе сабақтың мақсатына қарай өткенді еске түсіре отырып өткізуге болады.

Ойынның мақсаты. Оқушылардың белгілі  тақырыптан   меңгерген білімдерін тексеру, жылдам ой қорытуға баулу, сөздік қорын байыту.

Ойынға тақырыптық сөздер  қатар түзуге болатын мақсаттағы сөздерді интерактивті тақтаға  немесе жай қағазға іліп қоямын.

Ойынның шарты. Оқушыларға бір уақыт аралығында өтілген тақырып бойынша сөздерді тауып, жазып, олардың аудармаларын білу..

Ойын соңында сөздер қатарларынан сөз тіркестер, сөйлемдер құралады.

Қазақ тілі сабағында бір буынды, екі буынды сөздерді оқу, буындарға бөлу тақырыбын ашу үшін «Қолыма сыйлық»  ойынын жүргіздім. Мен бір оқушының  қолына оюы бар қорапша беріп, мысалы ал- деп дыбыстаймын, ал ол оқушы ал-ма, ал-мұрт деп жауап қайтарады, мұндағы басты мақсат оқушының сөздік қорын  тексеріп, сөздерді дұрыс буынға бөлуге үйрету.

«Кім тез?» ойынын жүргіздім. тақтада он екі суретті көрсеттім. Әр қатардан 2 оқушы сурет бойынша сөйлем ойлап айтты. Интерактивті тақтадағы суреттерді (қозы, аңшы, бор, нан, алма, бота, күн, қыз, сүргі, ай, тышқан) қатыстырып тез сөйлем ойлады. Қозы, аңшы, бор, нан т.б. сөздерден дыбыс құрамын, нан т.б. сөздерден дыбыс құрамын, буын санын айтты.

«Достасқан буындар». Қатар отырған оқушылар ауызша орындайды. Орындау тәртібі бойынша бірінші оқушы қа буынын айтса, екінші келесі буынын тауып сөз құрауы керек

«Бұл не? Бұл кім?»  ойыны. Бұл ойынды көбінесе даярлық және 1-2 сынып оқушыларына өткізуге болады. Ойын шарты: мұғалім әртүрлі заттарды көрсетіп, оқушыларға сұрақ қояды, оқушылар жауап беруге тырысады.

«Ойлан тап» оқыта үйрету ойыны. Ойын шарты: бір оқушы қандай да бір көкөністі атайды, ал екінші оқушы оны қайталап, тағы бір көкөніс атауын қосады. Үшінші оқушы екеуін қайталап, үшінші сөзді қосады. Осылай ойын 6-7 сөзге дейін жалғасады.Балалар жаңа сөздік сөздерін меңгереді.

«Тақырыптық сөздер» оқыта үйрету ойыны. Лексикалық тақырыптарды пысықтау кезінде қолдануға қолайлы ойын түрі. Оқушылар шеңбер жасап, дөңгелене тұрады. Мұғалім басты тақырыпты айтады. Мысалы, мұғалім «Көктем» деген тақырыпты айтады. оқушылар осы тақырып бойынша сөздерді бір-бірден айтады. Осылайша шеңбер аяқталғанға дейін сөздер айтыла береді.

«Өз жұбыңды тап» оқыта үйрету ойыны. Сөз тіркесетірн меңгертуге арналған ойын. Мұғалім сабақта сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын жаттықтыру мақсатында осы ойынды ойнатуына болады. Бұл ойында оқушылар саны жұп болуы керек. Мұғалім әр оқушыға бір-бірден сөз үлестіреді. Барлық оқушылар өздеріне берілген сөздерді дауыстап оқиды. Осыдан кейін оқушылар сөз тіркесін жасау үшін өз жұбын іздейді. Мысалы жаңбыр, жауады, көктем, айлары деген сөздер таратылады. Жаңбыр деген сөзді оқыған бала жауады деген сөзді оқыған баланың қасына барып, екеуі бірігіп, жаңбыр жауады деген тіркесті айтады.

Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады.Сонымен қатар, қазақ тілі сабағында ойын формаларын еңгізу барысында интерактивті тақтаны қолданудың маңызы өте зор.

Қорыта келгенде, ойын – балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл – өмірдің заңдылығы. Сондықтан да қазақ тілі сабағында ойын элементтерін пайдаланудың оқушылардың ой белсенділігін арттырудағы маңызы зор

Просмотров: 731


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст