Ертеңгі күннің бүгінгіден де гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән.
Білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы. Ақпараттық білімнің, орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлестіру және жаңа қоғамда ақпараттық технологияны пайдалану, ақпараттық мәдениетпен бйланысын кеңейту мүмкіндіктері мол кезде. өркениеттің өсуі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты екенін ескерсек, қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді.
Білімді болумен қатар ақпараттық қоғамда, жаһандану заманында өз біліміңді қажетіңе пайдалана білу – өте маңызды. Білім беруді дамытудың жаһандық үрдістерін тиімді қолдану креативті қызмет етуді талап етеді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияға интернет, теледидар, электрондық почта, т.б. жатқызуға болады. Мұғалім ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы оқушылармен байланысын жеке-дара жақындаса алатындай жолмен жүргізуге мүмкіндікке ие болады. Мультимедиа кабинетінде электрондық оқулықпен сабақ берудің тиімділігі мол.
1. Мұғалім оқушы білімін бағалауды компьютерге жүктейді. Бұл бағалау көрсеткіштерінің нақты, дәл болуын қамтамасыз етеді.
2.Оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз белсенділігін арттырады.
3. Мұғалім сыныптағы оқушылардың жағдайын және, әрбір оқушының қабілетін байқап жеке жұмыс жасауға мүмкіндігі ашылады. J
Әлбетте, пәндерді оқыту әдістемесіне интернет жүйесін қосу- сапалы білімнің қайнар көзі болады. Интернет жүйесі арқылы оқыту оқушылардың өзара ақпарат алмасуын жеделдетеді., танымдық қызметін арттырады, білім алуға қызығушылығын ұлғайтып, өз бетінше ізденуге ұмтылдырады. Оқушылардың мұндай қабілеттерін дамыту, танымдық іс-әрекетін қалыптастыратын, әрине, мұғалім екені даусыз. Оқытудың бұл жүйелерінде мұғалім тек басшылық жасап ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде болады.
Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін жетілдіруде ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы ерекше. Білім жүйесін ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының қарыштаған кезеңінде осы заманға сай терең білімді, әрі жоғары
білікті жұмысшы мамандарын дайындау- оқытушының басты міндеті . Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 – бабының 9 тармағында оқытудың жаңа инновациялық технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін несиелік қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған.
Қазіргі таңда еліміздің білім жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге қажет білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру жүйесінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде.
Білім – болашақ бағдары, барлық маман даярлайтын оқу орындарының басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзіреттілік – оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны қолдану және ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Оқушылардың түпкілікті құзіреттіліктері – білім берудің жаңа нәтижелері. Құзіреттілікті оқушының пән бойынша меңгерген білім, білігінің жинағы ретінде қабылдауға келмейді. Ол – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана білу қабілеті болып табылады..
Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың негізгі мақсаты – оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану дағдыларымен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру.
Қазіргі заман талабына сай азаматтардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа түсіп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру басты мақсатқа айналып отыр. Ақпараттық қоғамныңі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника базасында ақпаратты жинақтау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Коммуникация – ақпаратты тасымалдау әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.
Ақпараттық-коммуникативтік технология жағдайындағы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.
Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологияларының бағыттары:
а) электронды оқулықтар;
ә) телекоммуникациялық технологиялар;
б) мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар;
в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет.
Ақпараттық-коммуникативтік технологилардың оқу-тәрбие үрдісіне енуі мұғалімге жаңа бағыттағы мақсаттар қояды.
• Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды құрылым жасақтау , әдістемелік пәндік Web –сайттар ашу;
Әртүрлі компьютерлік желілерді қолдану
• Бағдарламалау орталығында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасақтау. (мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар).
• Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) бойынша өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету.
Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл ұжымдық, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне бағытталған, оқу үрдісіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.
Интерактивтік оқыту – бұл оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып саналады. Сабақтағы интеграциялық әрекет өзара түсіністікке, ынтымақтастыққа - ұйымдастыру және сұқбаттасып қарым-қатынас жасауды жетілдіруді ұсынады.
Оқытудың ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологияларын қолдану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру базасында оқыту үрдісін жетілдірудің бірегей жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын қолдану оқу мекемелерінде ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай тудырады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны жетілдіру- білім берудің бір бөлігі. Заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану оң нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтарды ұтымды жүргізуде.
Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушының креативті ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.
Әсіресе, қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы – білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады. Бүгінгі таңда білім жүйесін ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп. Оқу үрдісінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар мүмкіндігін кешендіі түрде қолдануды жүзеге асыру көп функционалды электрондық оқу құралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушылардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.
Ақпараттық-коммуникациялық құзырлық деген не?деген сұраққа қандай жауап алуға болады.
Ақпараттық құзіреттілік:
- сыни тұрғыдан ұсынылған ақпараттар аясында дұрыс шешім қабылдауға;
- өз бетімен мақсат қоюға және оны қорғауға, мақсатқа жету үшін танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға;
- ақпаратты өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта қарауға сақтауға, түрлендіруге және тасымалдауға, мүмкіндігінше қазіргі заманғы ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға;
- логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, құрылымдау, тура және жанама дәлелдеу, аналог негізінде дәлелдеу, модельдеу, қиялмен эксперименттеу, материалды жүйелеу) қолдана отырып, ақпаратты өңдеуге;
- өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпаратты қолдануға мүмкіндік туғызады.
Ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілік – бұл оқу, тұрмыс және кәсіби бағыттағы міндеттерді анықтауда ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті.
Коммуникативтік құзіреттілік:
- нақты өмір жағдайында өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға;
- коммуникативтік міндеттерді шешуге сәйкес келетін стилдер мен жанрларды таңдауға және қолдануға;
- әдептілік ережелеріне сәйкес өзінің жеке ойын айтуға;
- нәтижелі өзара іс-әрекетті, түрлі көзқарас және әртүрлі мамандармен сұхбат жүргізіп, күрделі жағдаяттарды шешуді жүзеге асыруға;
- нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі көзқарастағы топтармен қатынас (коммуникация) жасауға мүмкіндік тудырады. Ағылшын тілі сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, заманауи ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарын тиімді пайдалану оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік тудырадыі. Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігі мен ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрi. болып отыр
Сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
• оқушының жеке дара жұмысы;
• аз уақытта мол білімге қол жеткізіп , уақытты үнемдеу;
• білім-білік дағдыларын тест орындау арқылы бақылау;
• шығармашылық тапсырмалар орындау;
• қашықтықтан оқу мүмкіндігінің туындауы;
• қажетті ақпаратты аз уақыттың ішінде табу мүмкіндігі;
• экономикалық тиімділігі;
• іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып үрдістерін әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
• оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы мол.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жеке тұлғаның құзыреттілігін дамыту құралы:
Қазіргі оқыту жүйесінің маңызды шарттарының бірі оқушы өзіне қажетті мәліметтіі іздеп табуға үйретіп, олардың өз оқу аймағын өзінің таңдай білуі болып табыладыі. Менің ойымша, ақпараттық-білім беру ортасын жобалаудағы негізгі мақсат оқушының өздігінен оқуға құлшындыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету .
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары төмендегідей:
1. АКТ оқытудағы тақырып шеңберіндегі не қандай да уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.
2. Өте үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында оқуға болады. Жоғары сынып оқушыларын емтихандар мен ҰБТ даярлауға арналған жаттықтыру бағдарламаларын пайдалануға;
3. Оқыту жүйесінің көп денгейлі жетілдірілуі оқу сапасын арттырады.
4. Оқушы өз бетімен не өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
5. Оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері жетіледі.
Осындай оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық. Оқушыларды дара оқытуда жаңа мәліметтерді игеруге, сондай-ақ меңгерген білім мен дағдыларды тестік бақылауға арналған программалық құрал. Оқыту жүйесінде электронды оқулықтарды қолданып, үлкен табыстарға қол жеткізуге болады. Электронды оқулықтарды қолдану арқылы оқушы екі жақты : біріншісі -пәндік білім, екіншісі - компьютерлік білім алады. Электронды оқулықтарды пайдалану оқушының өз бетімен шығармашылықпен айналысуына, теориялық білімін өмірмен ұштастыруына мүмкіндік аладыі. Сонымен бірге оқушы көптеген қосымша материал тауып, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен жадында жақсы сақтайды, өз бетімен жұмыстану қабілеті қалыптасады. Жас ұрпақты оқытуда жаңашылдықты пайдалану – шығармашылық жетістіктің қайнар көзі.
Ақпараттық технологиялар кешендерін пайдаланудың мақсаттары:
1. Ақпараттық технологияларды қолдану аясында оқу-тәрбие процесінің барлық деңгейін арттыру:
- оқыту процесінің ықпалы мен сапасын арттыру,
- пәнаралық байланысты тереңдету,
- қажетті ақпаратты іздеуді оңайлату және көлемін ұлғайту.
2. Оқушы тұлғасын дамыту, ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау.
- коммуникативтік қабілеттерін дамыту,
- күрделі жағдайда оңтайлы шешім қабылдау не шешу нұсқаларын қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
- компьютерлік графика, мультимедиа технологиясын қолдану арқылы эстетикалық тәрбие беру,
- ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, ақпаратты өңдей білу:
3. Қоғамның әлеуметтік тапсырысын қабылдау:
- Ақпараттық сауатты тұлғаны дайындау;
- компьютерлік ортаны қолданушыны даярлау:
Оқыту үрдісінде компьютерлік технологияларды пайдадалану келесі мақсаттарға бағытталады:
- компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін жүзеге асыру арқылы оқыту үрдісінің ықпалдығы мен сапасының деңгейін көтеру:
- танымдық әрекеттердің белсенділігін арттыратын ынтаны қамтамасыз ету:
- қазіргі заманғы ақпарат өңдеу орталықтарын қолдану арқылы пәнаралық байланысты тереңдету.
Сабақта АКТ-ны қалай тиімді қолдануға болады?
Біріншіден, құрал-сайман, ең болмағанда бір компьютер, оқытушының идеалды түрде автоматтандырылған жұмыс орны, бірнеше оқушы жұмыс орны, видеопроектор және интерактивті тақта.
Екішіден, компьютерде жұмыс істеу дағдысы бар мұғалім мультимедиялық проектор ережелерімен және интерактивті тақтамен сауатты жұмыстана білуі қажет.
Үшіншіден, білім беру өнімдері бар цифрлық компакт-дискілер болуы қажет.
Тәжірибе көрсеткендей, компьютерлік жүйе қолданылатын сабақтар мұғалімді жоққа шығармайды, керісінше, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты неғұрлым мазмұнды, жеке тұлғалы және әрекетті етеді. АКТ-ны ағылшын тілі сабақтарында сабақтарында қолдану уақытты үнемдейді, оқушылардың түрткісін (мотивациясын) және оқу-танымдық үдерісін тиімді етеді.
Мұғалім – сабақтағы бастыі әрекетті тұлға.Сондықтан компьютер мен мультимедиалық құралдарды оқытудың тек инструменті (құрал-сайманы) деп қарастырған дұрыс. Бұл инструменттің көмегі өте мәнді.
Сабақтың параметрі |
АКТ-ны қолданатын сабақ |
Дәстүрлі сабақ |
ақпаратты беру |
оқушылар ақпаратты неғұрлым қаныққан, көрнекі түрде алады |
мұғалімнің түсіндіруі, оқулық бойынша параграфты өз беттерімен оқуы, кестелерді қолдануы |
жұмыс қарқыны |
әр оқушы өз қарқынымен жұмыстанадыі, тапсырмалар мен мультимедиялық құралдар білім алушылардың жеке ерекшеліктерін, олардың сол уақыттағы білім мен дағды деңгейлерін есепке алады |
мұғалім сыныптағы оқушылардың көпшілігіне сәйкес келетін жұмыс қарқынын қолданады |
оқушымен кері байланыс |
түсіндіру және, бекіту кезінде жүзеге асады. |
ағымдық бақылау |
Ғалымдардың зерттеуіне сүйене отырып, компьютерлік бағдарламалардың қолданылуының үш басты түрін бөліп алады:
1) компьютерлік қолдаумен жүретін сабақтар;
2) оқушылардың бағдарламамен өздік жұмысы;
3) қашықтан оқыту (мұғалім мен оқушының компьютерлік торап арқылы өзара іс-әрекеті).
АКТ-ны қолдану сабақтарында, басқа сабақтардағы сияқты, мұғалімге төмендегі мәселелерді шеше алады:
· дидактикалық (сабақтың оқу материалын дайындау, компьютерлік бағдарламаны талдау);
· әдістемелік (тақырыпты бергенде АКТ-ны қолдану әдістерін анықтау, сабақтың нәтижесін талдау, оқу мақсатын қою);
· ұйымдастырушылық (оқушының шектен тыс жүктелуін және уақытты тиімді өткізуді ұйымдастыру);
· оқыту (қарастырылған тақырып бойынша оқушылардың білімдерін және ұсынылған бағдарлама бойынша біліктері мен дағдыларын нығайту және бекіту).
Осы көрсетілген мәселелерден компьютерлік бағдарламаны қолдану сабақтарын дайындау әдістемесі төмендегідей кезеңдерден тұратынын айтуға болады:
· мұғалімнің мақсаттарды қоюы әр сынып бойынша тақырыптарды талдау, тұтас сыныппен және жеке оқушылармен жұмыс формалары мен әдістерін айқындау);
· компьютерлік бағдарламаның әзірлемесін дайындау не дайын білімдік цифрлық ресурсты қолдану арқылы мұғалімнің өздік жұмысы;
· дайындалған бағдарламаны сабақтың әр түрлі кезеңдерінде пайдалану;
· тестілеу қабыршағы көмегімен тестік бақылау жүргізу (тақырыптық, аралық, сабақ қорытындысы бойынша);
· оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы өздік жұмыстары үшін бағдарлама енгізу;
· осы сыныптағы келесі сабақтың мазмұнына түзету енгізу мақсатында сабақты талдау, мысалы, не игерілмегенін, оған артынан қайта оралу қажеттігін анықтау.
АКТ-ны ағылшын тілі сабақтарында қолдану көрнекіліктің және жұмыстың тез орындалуы (жазбаша жұмыстың болмауы) арқасында материалды меңгеруге уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Интерактивті режимде оқушылардың білімдерін бақылау оқытудың тиімділігін арттырып, тұлғаның барлық потенциалын, танымдық, моральды-адамгершілік, шығармашылық, коммуникативтілік және эстетикалық мүмкіндіктерін іске асыруға көмектеседі, оқушылардың зияткерлігін, ақпараттық мәдениетін дамытуға әсер етеді
Оқу үрдісінде электрондық оқыту бағдарламаларын дәстүрлі оқыту әдістерді педагогикалық жаңашылдықпен ұштастыру арқылы жүйелі түрде қолдану дайындық деңгейлері әртүрлі білім алушыларды оқытудың тиімділігін арттырады.
Ұстаз үшін басты нәтиже шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін әр педагог өз пікірін жүйелі түрде жеткізе білетін, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағат-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен мемлекетіміздің бәсекеге қабілетті дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсаты ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктейді.